Мессидің Париждегі алғашқы күні қалай өтті. Видео
ПСЖ аргентиналық шабуылшы Лионель Мессидің клубпен келісімшартқа отырған күні қалай өткенін көрсетті, деп жазады Prosports.kz.
Париждік клубтың баспасөз қызметі инстаграм желісінде видео жариялады. Онда шабуылшының Франция астанасына қалай келгені, медициналық тексеруден өтіп, келісімге қол қойғаны және стадионға қалай барғаны көрсетілген.
Кеше, 10 тамызда Месси ПСЖ-мен екі жылдық келісімшартқа отырды. Бүгін, 11 тамызда аргентиналық шабуылшы «Парк де Пренс» стадионында баспасөз мәслихатын өткізеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или