УЕФА Суперкубогы: «Челси» - «Вильярреал» матчының тікелей трансляциясы
Бүгін лондондық «Челси» мен испаниялық «Вильярреал» УЕФА Суперкубогын сарапқа салады, деп жазады Prosports.kz.
Ойын Белфасттағы «Уиндзор Парк» стадионында өтеді.
«Челси» өткен маусымда керемет жетістікке жетті, Англия Премьер-лигасында төртінші орын алып, Чемпиондар лигасында жеңіске жетті.
Жаңа маусымда «Челси» Фикайо Томори, Оливье Жиру және Виктор Мозеспен қоштасты, Билли Гилмор «Норвичке» жалға берілді.
«Вильярреалды» өткен маусымдағы сенсация жасады деуге болады. Унаи Эмери шәкірттері Испания чемпионатында жетінші орын алғанымен, Еуропа лигасындағы топ жарды, сөйтіп Чемпиондар лигасына қатысу мүмкіндігіне ие болды.
«Челси» - «Вильярреал» матчы Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 01.00-де басталады. Ойынды Матч-ТВ телеарнасынан тікелей эфирде көруге болады.