Еуропа лигасы: «Қайрат» «Алашкерттен» өтсе «Рейнджерспен» кездеседі

Еуропа лигасы: «Қайрат» «Алашкерттен» өтсе «Рейнджерспен» кездеседі

Кеше түнде Стивен Джеррард баптайтын  «Рейнджерс» Чемпиондар лигасының үшінші кезеңінде «Мальмеден» ұтылды, деп жазады Prosports.kz. 

Глазгода өткен қарымта матч 1:2 есебімен швециялық команданың пайдасына аяқталды. Бір апта бұрынғы бірінші матчта да «Мальме» 2:1 есебімен ұтқан. 

«Рейнджерс» Еуропа лигасының төртінші кезеңіне түсті. Онда ұлыбританиялық ұжым «Алашкерт» - «Қайрат» жұбының жеңімпазымен кездеседі. 

Еске салайық, өз алаңында өткен бірінші ойында «Қайрат» Армения чемпионымен тең түсті (0:0). Қарымта ойын 12 тамыз күні өтеді. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или