Мессидің әкесі ұлының «ПСЖ» клубына ауысқанын мәлімдеді
Аргентина шабуылшысы Лионель Мессидің әкесі Хорхе Месси ұлының «ПСЖ» командасымен келісімшартқа отырғанын растады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Журналист Мария Гарридо твиттердегі парақшасында Хорхе Барселона әуежайына келгенін хабарлады. Сондай ақ, Лео бүгін, 10 тамызда «ПСЖ» клубына ауысқанын мәлімдеді.
5 тамызда «Барселона» Испания лигасының регламентінде көрсетілген қаржылық және құрылымдық кедергілерге байланысты Мессимен келісішартқа отыра алмайтынын мәлімдеді.
Месси «Барселонаның» негізгі құрамында 2003 жылдан бері ойнады. Оның каталондық клубпен келісімшарты маусым айының соңында аяқталды.
JORGE MESSI ACABA DE LLEGAR AL AEROPUERTO DE BCN.

Le pregunto si messi fichara por el PSG hoy: “si”

Le pregunto quien es el responsable de q Leo se vaya: “averiguen en el club”

Le pregunto si su hijo está triste: “no lo habeis visto?”
— Maria Garrido 1997 (@mariagarridos) August 10, 2021