Саят Жұмағали: «Негізгі құрамға шақырылғанымды естігенде өте қуанышты болдым»

Саят Жұмағали: «Негізгі құрамға шақырылғанымды естігенде өте қуанышты болдым»

«Ақтөбенің» жас қорғаушысы Саят Жұмағали ақтөбелік клубқа қалай келгенін айтып, бас бапкер Владимир Газзаев туралы ойымен бөлісті, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

- Саят, алғашқы сұрақ, осы «Ақтөбе» футбол клубының мектебінде білім алып жүргеніңе қанша жыл болды?

- 7 жылдай болып қалды, 2008 жылдан бері осында футболмен айналысып келемін.

- Бірінші бапкерің кім?

- Тәлім берген тұңғыш бапкерлерім - Анатолий Владимирович Абраменко мен Сапаров Қанат Жұмағалиұлы.

- Ал енді былтырғы маусымды бір шолып өтсек, өткен жылы «Ақтөбе» жастар құрамасының сапында ел чемпионы атандың. Сол сәтті нәтиже ненің арқасында орын алды деп ойлайсың?

- Ол, ең біріншіден, команданың жеңісі. Жеңіс бір адамға емес, тұтас командаға байланысты. Команда болмаса, нәтиже болмайды.

- Бүгінгі күнге келсек, өзіңді бас бапкер Владимир Газзаев команданың негізгі құрамына тартты. Осыған қатысты қысқаша пікіріңді беріп өтсең. Бұл қалай болды, ең алғаш рет негізгі құрамға шақырылғаныңды естігенде қандай сезімде болдың?

- Иә, ең бастапқыда дубль құрамына негізгі командамен жаттығуға мүмкіндік берілді. Ол 2014 жылдың наурыз-сәуір айлары болатын. Сол жаттығуларда бас бапкерге ұнаған болуым керек, кейіннен шақырту алдым. Естігенде әлбетте, өте қуанышты болдым, бір жағынан қорқыныш та болғанын жасырмаймын.

- Александр Вольф бас бапкер Владимир Никитенконың тұсында да бас командаға шақырылып жүрді. Сондықтан оның негізгі құрамға тартылғаны жаңалық болмады. Ал, өзің қазіргі бапкер Владимир Газзаевтың қандай ерекше тұстарын атап өтер едің?

- Қазір баға беріп жатқаным ертерек болар, себебі әлі пісіп-жетіле қоймадым, бірақ та Валерьевичті өз ісінің хас шебері деп толық айта аламын. Ол әрқашан қарсыласың кім және қандай болса да, команданың оны жеңгенін қалайды, ұтуымыз қажет деп талап қояды.

- Жақында, алаңнан дебютіңді көріп жатсақ, өзіңді алаңда қалай ұстайсың, толқыныс болмай ма, жалпы жауапты ойынға дайынсың ба? Қандай іс-қимылыңмен есте қаламын деп ойлайсың?

- Ол жағын айту әзірше ерте деп санаймын, барлығын ойын көрсетер, егер шығып жатсам.

- Алаңға шығарам деген уәде сөзін айтпады ма бапкер?

- Ол өйтіп айтпайды, барлығы өзіме байланысты, жаттығуда т.б. өзімді қалай көрсетемін, соған қарайды.

- Және соңғысы, жанкүйерлерге айтар тілегің, лебіңіз болса, мүмкіндік бар.

- Біздің жанкүйерлерге өте разымын деп айтамын, өйткені олар Қазақстандағы ең үздіктер. Және команда ұтса да, ұтылса да бірге болса екен деймін.

- Сұхбатыңа көп рақмет, Саят! Сәттілік!

Сұхбат «Ақтөбе» жанкүйерлерінің «Вконтакте» желісіндегі ресми парақшасынан алынды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или