Конференция лигасы: «Шахтер» - «Колос» қарымта матчының тікелей трансляциясы

Конференция лигасы: «Шахтер» -  «Колос» қарымта матчының тікелей трансляциясы

Бүгін, 10 тамызда «Қарағанды ​​Шахтер» УЕФА Конференция Лигасының үшінші іріктеу кезеңінде Украинаның «Колосы» командасын қабылдайды, деп хабарлайды Рrosports.kz.

Командалардың қарымта кездесуі «Астана Арена» стадионында өтеді. Ойын елорда уақытымен 20:00 -де басталады. Матчты Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Трансляцияны мына сілтеме бойынша көруге болады.

Естеріңізге сала кетейік, Украинадағы алғашқы матчта голсыз тең ойын тіркелді.

Егер «Шахтер» жеңсе Конференция Лигасының плей -офф кезеңіне өтеді, онда олар «Спартак Трнава» - «Маккаби Тель –Авив» жұбының жеңімпазымен ойнайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или