Абрамович Лукакуды сатып алу үшін рекордтық сомада қаржы жұмсайды

Абрамович Лукакуды сатып алу үшін рекордтық сомада қаржы жұмсайды

«Челси» Бельгия шабуылшысы Ромелу Лукакуды 97,5 миллион фунтқа сатып алуға «Интермен» келісімге келді, деп хабарлайды Prosports.kz.

TheGuardian мен TheTimes хабарлағандай, 28 жастағы шабуылшы Миланда медициналық тексерістен өткен.

Бұл трансфер туралы ресми түрде осы аптада хабарлануы тиіс. Ресейлік кәсіпкер Роман Абрамовичке тиесілі «Челсидің» қазіргі рекордтық бағасы –72 миллион фунт.

Transfermarkt мәліметінше, Байердің жартылай қорғаушысы Кай Хаверц (2020) мен қақпашы Кепа Аррисабалаганың (2018) трансфері үшін клуб осынша қаржы төлеген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или