Месси «Барселона» ойыншыларымен қоштасу кешін ұйымдастырды

Месси «Барселона» ойыншыларымен қоштасу кешін ұйымдастырды

Жақында ғана «Барселонадан» кеткен Лионель Месси каталондық клубтың ойыншылары мен олардың отбасы мүшелерін қоштасу кешіне шақырды, деп жазады Prosports.kz.

Marca басылымының хабарлауынша, аргентиналық ойыншының қоштасу қонағасына Серхио Агуэро, Серджи Бускетс, Жерар Пике, Жорди Альба келді. Ал өзге каталондық ойыншылардың келген-келмегені белгісіз.

Айта кетейік, Мессидің «Барселонамен» келісімшарты 1 шілдеде аяқталды. Клуб 5 тамызда Испания лигасының регламентінде көрсетілген қаржылық және құрылымдық кедергілерге байланысты жаңа келісімшарт жасалмады. 

Месси мансабын франциялық ПСЖ сапында жалғастыруы мүмкін.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или