«Лестер» - Англия Суперкубогының жеңімпазы

«Лестер» - Англия Суперкубогының жеңімпазы

«Лестер» футбол клубы Англия Суперкубогында «Манчестер Ситиді» 1: 0 есебімен ұтты. Кездесу Лондондағы «Уэмбли» стадионында өтті.

89-минуттағы жалғыз голды 2014-2017 жылдары «Манчестер Сити» сапында ойнаған нигериялық шабуылшы Келечи Ихеаначо соқты.

Ағылшын жартылай қорғаушысы Джек Грилиш «Манчестер Сити» сапында дебют жасады, ол ойынның 65 -минутында алаңға шықты.

«Лестер» Англия Суперкубогын екінші рет жеңіп алды. Клуб бұған дейін 1971 жылы  «Ливерпульді» 1: 0 есебімен ұтқан болатын. «Манчестер Сити» болса Англия Суперкубогының алты дүркін жеңімпазы (1937, 1968, 1972, 2012, 2018, 2019). Суперкубок бойынша рекорд «Манчестер Юнайтедке» тиесілі. «Қызыл сойқандар» 21 рет ұтқан.

«Лестер» 1: 0 «Манчестер Сити»           

Гол: 1: 0 - 89 Ихеаначо (пенальти).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или