Джек Грилиш «Манчестер Сити» ойыншысы атанды
«Манчестер Сити» «Астон Вилланың” жартылай қорғаушысы Джек Грилиштің командаға қосылғанын растады, – деп хабарлайды Рrosports.kz.
Англия құрамасының ойыншысы «қалалықтармен» алты жылдық келісім-шартқа отырды. Жаңа клубта ол 10 нөмірмен өнер көрсетеді.
Бұған дейін бұл тарихтағы ең қымбат трансферлердің бірі болатыны хабарланған болатын. Журналист Фабрицио Романоның айтуынша, «Манчестер Сити» ойыншы үшін 117 миллион еуро төледі.
Грилиш – «Астон Вилланың» түлегі, 2012 жылдан бастап осы клубтың намысын қорғады, өткен жылдан бастап Англия құрамасына шақыртылды. Өткен маусымда 25 жастағы ойыншы Премьер-лигада 26 ойын өткізіп, 6 гол мен 12 нәтижелі пастың авторы атанды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или