Гвардиола Кейнді «Манчестер Ситидің» қалай сатып алатынын айтты

Гвардиола Кейнді «Манчестер Ситидің» қалай сатып алатынын айтты

«Манчестер Ситидің» бас бапкері Хосеп Гвардиола «Тоттенхэм» мен Англия құрамасының шабуылшысы Гарри Кейн туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Рrosports.kz.

«Барлығы «Тоттенхэмге» байланысты. Егер олар келіссөзге дайын болса, біз Гарриге қол қоюға тырысамыз. Кейн - ерекше шабуылшы. Сөзсіз. Алайда, «Тоттенхэм» келіссөз жүргізгісі келмесе, онда ештеңе айтуға болмайды. Не болатынын көрейік. Кейннің келісімшарты бойынша жағдай Грилишке қарағанда қиын», - деді Пеп.

Айта кетейік, кейінгі уақытта шабуылшы Кейннің клуб ауыстыру туралы шетелдік БАҚ хабар таратты. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или