«Колос» бапкері «Шахтермен» қарымта матчқа дайындық туралы айтты
«Колос» командасының бас бапкері Руслан Костышин Конференциялар лигасында Қарағандының «Шахтерімен» қарымта матчқа дайындық барысы туралы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Жұма демалыс күні. 2 күн жаттығамыз. Содан кейін Қазақстанға ұшамыз. Біз жасанды шөпте жаттықпаймыз, уақытынан бұрын ұшпаймыз, өз уақытымызға сай өмір сүреміз.
Жасанды алаңда ойын алдындағы жаттығу болады – доптың қалай домалайтынын және секіретінін білеміз. Бұл салада мақсатты түрде дайындалуға уақыт жоқ», - деді Костышин.
Қарымта кездесу 10 тамызда өтеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или