ЧЛ. «ПСЖ» «Челсиді», «Бавария» «Шахтерді» ұшырып жіберді

ЧЛ. «ПСЖ» «Челсиді», «Бавария» «Шахтерді» ұшырып жіберді

Сәрсенбі күні түнде УЕФА Чемпиондар лигасының ширек финалына шыққан тағы екі команда белгілі болды, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Немістің «Бавариясы» өз алаңында украиналық «Шахтерге» мүмкіндік қалдырмады. Алғашқы ойындағы 0:0 есебінен кейін, германиялықтар қарымта матчта қарсыласының қақпасына жауапсыз жеті гол соқты.

Ал «Челси» мен «ПСЖ» арасындағы кездесуде кімнің ширек финалға шығары соңғы минутқа дейін белгісіз болды. Парижде де, Лондонда да негізі уақыт 1:1 есебімен аяқталған. Овертаймда қос клуб тағы да бір-бірден гол салып шықты. Нәтижесінде қонақта екі гол соққан «ПСЖ» ширек финалға жолдама алды.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін мадридтік «Реал» мен «Порту» клубтары 1/8 финалдан сүрінбей өткен болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или