Еркін күрес

Нұрислам Санаев Токио Олимпиадасының жартылай финалында жеңілді

Нұрислам Санаев Токио Олимпиадасының жартылай финалында жеңілді
news-banner7
mobile-news-top

Нұрислам Санаев 57 келіде еркін күрестен 2020 жылғы Олимпиаданың жартылай финалында үндістандық Рави Кумардан жеңілді, деп хабарлайды Рrosports.kz.

Белдесуде қазақстандық 9: 2 есебімен алға шықты, бірақ Кумар отандасымыздың жауырын жерге тигізіп, жекпе -жекті мерзімінен бұрын аяқтады.

Қазақстандың балуанның қола медаль үшін таласуға мүмкіндігі бар. Қола медаль үшін күрес ертең болмақ. Нақты уақыты шамамен 08:00. Қарсыласы – колумбиялық Оскар Тигрерос пен болгариялық Георги Вангеловтың жұбаныш кездесуіндегі жеңімпазы.

Айта кетейік, еркін күрестен 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен қазақстандық Нұрсилам Санаев ширек финалда қарсыласын ұтқан болатын. Ширек финалда ол әлем чемпионы, Азия ойындарының жүлдегері жапониялық Юки Такахашимен белдесті. Белдесу 6:4 есебімен аяқталып, Нұрислам Санаев келесі айналымға жолдама алды.

фото: Жеңіс Ысқақбай

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер