«Ақтөбе» жаңа бас бапкерін таныстырды
«Ақтөбе» футбол клубын ресейлік маман Владимир Муханов жаттықтырады, деп жазады Prosports.kz.
Бұл туралы ақтөбелік клубтың баспасөз қызметі ресми мәлімдеді.
67 жастағы Муханов «Ақтөбеге» үлкен еңбек сіңірген маман. Оның жетекшілігімен команда 3 мәрте Қазақстан чемпионы атанған. Сонымен қатар ел кубогы пен Суперкубогын жеңіп алды.
Айта кетейік, ақтөбелік клубты отандық маман Вахид Масудов бір жарым ай ғана басқарып, жақында қызметінен кетті.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или