«Өз әсерін тигізді». «Ордабасы» бас бапкері Александр Седнев «Қызыл-Жарға» қарсы матч туралы ойын айтты
Шымкенттік «Ордабасының» бас бапкері Александр Седнев Қазақстан кубогындағы «Қызыл-Жарға» (0:1) қарсы матч туралы ойын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz клуб баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
<span>«Пікір айту қиын. Өздеріңіз түсінгендей, ойыншымыздың кездесу басындағы қуылуы матчқа өз әсерін тигізді. Қарсылас қақпамызға қысым көрсетіп, допқа көбірек иелік етті.</span><span> Әсіресе стандарттық жағдайларда, алайда біздің де мүмкіндіктеріміз болды, үміт күттірген шабуылдар мен стандарттық жағдайлардағы қарымта шабуылдар. Қарсылас айып добынан тамаша гол соқты, ал біз мұны жасай алмадық. Бірақ мен футболшыларыма бүгін оң нәтижеге қол жеткізу үшін барлығын жасағандарына алғыс айтамын, алайда қолдан келмеді», - деді Седнев.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или