Қазақстандық клубтардың УЕФА рейтингіндегі орындары жоғарылады
Чемпиондар Лигасының екінші іріктеу кезеңі мен Конференция Лигасының ойындарынан кейін УЕФА-ның клубтар арасындағы рейтингі қайта жаңартылды, - деп хабарлайды Prosportskz.
"Астана" футбол клубы бір сатыға жоғарылады (62). Ал "Қайрат" 139-орынын сақтап қалды. "Тобыл" бірден 19 сатыға алға жылжып, 237-орынға тұрақтады. "Шахтер" болса бір позиция жоғары көтеріліп, "Қайсар", "Ордабасы" және "Ертісті" басып озды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или