Урош Ненадовичтің голы «Таразға» жеңіс сыйлады

Урош Ненадовичтің голы «Таразға» жеңіс сыйлады

"Тараз" Қазақстан Кубогінің төртінші турында "Атырау" клубын 1:0 есебімен жеңді. Тараздағы Орталық стадионда өткен ойында әулиеаталықтар маңызды үш ұпайды еншіледі, - деп хабарлайды Prosports.kz

Кездесудегі жалғыз гол 55-минутта соғылды. Арман Нүсіптің қақпа маңына қарай асырған пасына бірінші болып жеткен Урош Ненадович командасына жеңіс сыйлады.

Төрт ойында тоғыз ұпай жинаған жамбылдық клуб В тобында көш басына шықты. Бір ғана ұпайы бар "Атырау" ең соңғы орында қала берді. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или