«Шахтер» ойыншылары Президенттің тарихи-мәдени орталығын аралады

«Шахтер» ойыншылары Президенттің тарихи-мәдени орталығын аралады

Премьер-лига ойындарының екінші турында шымкенттік «Ордабасымен» кездесетін қарағандылықтар, Теміртау қаласында Назарбаевтің тарихи-мәдени орталығында болып қайтты, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Президенттің еңбек жолы металлургтер қаласында басталған. 18 жасында Днепродзержинскідегі кәсіби училищені бітіргеннен кейін, комсомолдық жолдамамен Теміртау қаласына келеді. Алғашында домна пештерінде қызмет жасап, артынан партия жұмыстарына араласады.

«Шахтер» футбол клубының атқарушы директоры Нұрғазы Жарылғапов ойыншылар мен бапкерге Президенттің Теміртаудағы қызмет еткен жылдары әріптес, әрі досы болған Қуаныш Омашевті және Лондон Олимпиадасының чемпионы Серік Сәпиевті таныстырды. Олар өз кезегінде ойыншыларды жылы қарсы алып, жаңа маусымның шымылдық ашуымен шын жүректен құттықтап, сәттілік тіледі. Кеншілердің капитаны Андрей Финонченко елімізде спорт саласына көп көңіл бөлініп жатқаны үшін Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа алғысын айтып, Қуаныш Омаровқа футбол добын сыйлады. Команданың жартылай қорғаушысы Андрей Карпович Серік Сәпиевке клуб атынан атрибуттар мен сувенирлерді табыстады.

Тарихи-мәдени орталықтағы экскурсия бөлімінің қызметкері Гүлназ Әлиева кеншілерге Президенттің Теміртаудағы өмірі мен жұмысы жайлы баяндап, сан түрлі экспонаттар мен суреттерге айқындамалар берді. Экскурсияны ұйымдастыруға «Нұр Отан» халықтық партиясының қалалық филиалының төрағасы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Алексей Ломакин көп септігін тигізді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или