Армения құрамасының жартылай қорғаушысы карьерасын «Атырауда» жалғастырады

Армения құрамасының жартылай қорғаушысы карьерасын «Атырауда» жалғастырады

«Шахтер» мен Армения құрамасының жартылай қорғаушысы Саломон Удо карьерасын «Атырауда» жалғастырады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.

Удо қыста «Шахтер» сапына ауысып, ҚПЛ-да 18 матч өткізген. Бірақ қазір «кеншілердің» бас бапкері Магомед Адиев оны көбіне қосалқы құрамда қалдырады. Сондықтан Удо басқа клубқа жіберуді сұраған. Оған «Атырау» көз тігіп отыр.

Армения құрамасының хавбегі «Атыраудың» жазғы трансфер кезеңіндегі үшінші жаңа ойыншысы болып отыр. Бұған дейін командаға белорусьтік жартылай қорғаушы Владимир Медведь пен бразилиялық форвард Аллеф де Андраде Родригес ауысқан.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или