Карен Адамян: «Фокси, Твумаси мен Исламхан Ресей чемпионатында тәуір өнер көрсете алады»

Карен Адамян: «Фокси, Твумаси мен Исламхан Ресей чемпионатында тәуір өнер көрсете алады»

Қазақстан Суперкубогы матчы туралы «Спорт» телеарнасының комментаторы Карен Адамян Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметіне берген сұхбатында айтып берді, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

- Кездесу тағдыры соңғы сәтте шешілген ойыннан қандай әсер алуға болады? Менің ойымша, Қазақстан Суперкубогы матчынан кейінгі пенальти сериясы жақында аяқталған Африка Кубогының финалындағы пенальти сериясындағы тартыстан асып түсті. «Қайрат» қақпашысы Плотников жеңіске деген сенімді жоғалтқан сәтте өз командасын ойынға қайта әкелді. Дегенмен, команда жеңіске жете алмады. Алайда, оның ойынын атап өтпеу мүмкін емес. Мұндай матчты ойын кезіндегі голдар әсерлей түсер еді. Өкінішке қарай, көптеген сәттердің болғанымен, гол соғылмады.

-  Бұл матч ресейлік аудитория үшін қызықты болды деп ойлайсыз ба?

- Менің ойымша, ресейлік аудиторияға жаңа көрсетілімдердің барлығы қызықты. Өйткені, көпшілігі бұрын-соңды Қазақстан чемпионатын қараған жоқ. Ал, Суперкубок қазақстандық футболдың жарнамасы болды. Бітіспес қарсыластардың шешуші матчы қызығушылық тудырды деп ойлаймын. Мен үнемі әлеуметтік желі арқылы матч алдында телевизор қосуды өтінемін. Сол уақытта Қазақстан Суперкубогы туралы материалға жазылған пікірлердің санында шек болмады.

-  Қай футболшының ойыны көңілізден шықты?

- Барлығы «Қайрат» ойыншысы Заурбек Плиевтің алыстан соққы бағыттағанын күтті. Өйткені, соңғы жолдастық матчтардың бірінде керемет гол соқты. Үш футболшыдан қызықты ойын күттім. Олар - «Қайрат» жартылай қорғаушысы Бауыржан Исламхан және «Астананың» шабуыл шебіндегі ойыншылары Фокси мен Твумаси. Менің ойымша, бұл футболшылар Ресей чемпионатында өздерін көрсете алады. Мен үшін де бұл матч қызықты болды. Өмірімде Қазақстан маған жақын, өйткені   ұзақ уақыт Орынборда тұрдым.

- Қазақстандық футбол қандай әсер қалдырды? Кіммен жеке таныссыз?

- Трансляцияға дайындықты бастағанға дейін қазақстандық футбол туралы азды-көпті білетін едім. Жекелей алғанда, жақында Еременко Кубогында қола жүлде алған «Қайрат» мини-футбол клубы. Алматыда өткен жұлдыздар матчын мұқият қадағаладым. Әлем футболының көптеген аңыздары жиналды. Олар - Ривалдо, Неста, Каннаваро, Мальдини, Леманн, Сержиньо, Зеедорф, Фигу, Шевченко және басқалары. Бұл – үлкен жетістік.

- Қазақстан Суперкубогы матчындағы тәжірибе келешекте көмектеседі деп ойлайсыз ба? Тағы да қазақстандық клубтардың қатысуымен өтетін ойынды жүргізуге түскен ұсынысты қабылдайсыз ба?

- Бұл маңызды тәжірибе. Егер сіз өзге елдің футболы жөнінде ештеңе білмесеңіз, онда екі-үш күн дайындық жүргізу арқылы жағдайды түзетуге болады. Әлеуметтік желіде көмектескен екі команданың жігіттеріне алғысымды айтамын. Қазақстан жанкүйерлерінің әлеуметтік желідегі пікірлерінің санына қарап, барлығы жақсы өтті деген ойға келдім. Мүмкіндік болса, тағы да қазақстандық клубтардың ойындарында жұмыс істеуге келісер едім.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или