«Жібек жолы» ралли-рейді биыл ұйымдастырылмайтын болды

«Жібек жолы» ралли-рейді биыл ұйымдастырылмайтын болды

«Жібек жолы» ралли-рейдінің ұйымдастырушылары 2015 жылы жарыстың өтпейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды championat.com.

«Жібек жолы» раллиінің ұйымдастыру комитеті барлық қатысушылар мен қызығушылық танытқан тұлғаларға 2015 жылы жарыстың ұйымдастырылмайтынын мәлімдейді.

Біз «Жібек жолы -2015» раллиіне қатысуға ниет білдірген көптеген адамдарға алғысымызды білдіргіміз келеді. Әлемнің түкпір-түкпірінен келіп жатқан сан түрлі сауал «Жібек жолы» ралли-рейдінің ірі халықаралық сайыс ретінде танылғанын көрсетеді.

2008-2013 жылдарды раллидің қалыптасу, енді ғана қанат жаю кезеңі деп айтуға болады. 2014 пен 2015 жылдарды болашаққа жоспар құру мерзімі ретінде қарастырған жөн.

Біз өз жұмысымызды бір минутқа да тоқтатқан емеспіз, таяу арада сіздерді «Жібек жолы» раллиінің жаңа жобасымен қуантамыз деген үміттеміз. Бұл жаңа «Жібек жолы» сіздерді таңқалдырады, себбі біз жаңа тұжырымдамалық шешім әзірледік. Алайда ол бұрынғысынша сіздерге жақсы көңіл-күй сыйлауға бағытталған!», - делінген «Жібек жолы» раллиі дирекциясының ақпараттық бюллетенінде.

BNews.kz сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или