Мирослав Клозе: «Ұлттық құрамада енді ойнамаймын»

Мирослав Клозе: «Ұлттық құрамада енді ойнамаймын»

Италиялық «Лационың» шабуылшысы Мирослав Клозе Германия ұлттық құрамасындағы мансабын аяқтағанына өкінбейтінін айтты, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

«Енді құрамада ойнамауды жөн деп шештім. Қолыма вино не сыра алып, бүгінге дейін не істегенімді ойлап отырғаным жақсы. Бірақ мен әлі мансабымды аяқтаған жоқпын, тек ұлттық құрама сапында жаттығып жүретін жастан өттім.

Жақында балық аулап қайтқанмын, қайықта өзім ғана болдым. Сөйтіп, Германия сапында өткізген матчтарым туралы ойладым – 147 ойын. Әр санды бір-біріне қосып шықсаң, 11 шығады екен, менің нөмірім. Бұл – нүкте қоятын тамаша мүмкіндік. Бұл туралы бапкерге (Йоахим Лев – Авт.) айттым, ол менің шешімімді өзгертпейтінімді біледі,» - деді Клозе.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или