Самат Жарынбетов: Гол соғатын сәттер көп болды

Самат Жарынбетов: Гол соғатын сәттер көп болды

«Тобылдың» жартылай қорғаушысы Самат Жарынбетов «Атырауға» қарсы ойыннан соң пікірін айтты.

– Алаңдағы басымдық, әсіресе бірінші таймда, біздің жақта болды. Бұл кездесуде допқа көбірек иелік етіп, бақылауда ұстай білдік. Гол соғатын сәттер көп болды, бірнеше сәттерді жүзеге асыра алмадық. Алайда, қарсыластардың қорғаныста жақсы өнер көрсете білетінін де ұмытпауымыз керек.

Кубок турнирі жалғасуда. Осындай жеңісті ойындардың көп болуы үшін барымызды саламыз.

Жақсы атмосфера сыйлаған жанкүйерлерге алғыс айтамыз. Бұл біздің жігіттерді жігерлендіреді, - дейді қорғаушы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или