Маусым айының үздік голының авторы марапатталды

Маусым айының үздік голының авторы марапатталды

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы (ҚКФЛ) 2021 жылғы футболдан Қазақстан Чемпионатының маусым айының үздік голының авторын марапаттады.

Сауалнама ҚКФЛ Вконтакте әлеуметтік желісінің ресми тобында өткізілді. Жанкүйерлер таңдауына 7 үздік гол ұсынылды. Шараға барлығы 470 адам қатысты.

Сауалнама қорытындысы бойынша өткен айдың үздік голы болып 2021 жылғы футболдан Қазақстан Чемпионатының «Қызыл-Жар» – «Астана» (18-тур) кездесуінде соғылған Юрий Бушманның нәтижелі соққысы атанды. Бушманның голына 239 (50,85 %) сауалнамаға қатысушы дауыс берді.

Аталмыш жүлдені петропавлдық команданың ойыншысына ҚКФЛ спорттық директоры Павел Демян табыстады.

<h3 />
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или