Бердыев Ресей құрамасын жаттықтыруы мүмкін
«Қайрат» ФК Бақылау кеңесі төрағасының кеңесшісі Курбан Бердыев Ресей құрамасын жаттықтыруы мүмкін, деп жазады<span> </span>Prosports.kz.
«Мутко против» телеграм-арнасының хабарлауынша, маман Ресей футбол одағының (РФО) басшылығымен келіссөздер жүргізу үшін Мәскеуге ұшып кетті.
Курбан Бердыев әзірге бұл туралы басшылықпен тек телефон арқылы сөйлескен. Ал бүгін нақты келіссөз жүргізу үшін Алматыдан Мәскеуге кетті. Қазіргі кезде «Қайраттың» аңызы Ресей құрамасының бас бапкері қызметіне басты үміткер болып отыр. РФО шетелдік мамандармен келіссөз жүргізген жоқ.
Айта кетейік, 2021 жылы мамырдың соңында Бердыев «Қайраттың» бақылау кеңесі төрағасының кеңесшісі болып бекітілді. Тәжірибелі маман клубта үш бағытта жұмыс істейді деп жоспарланған: негізгі құрамның, клуб академиясының және «Қайрат» Мәскеу жобасының жұмысын қолдау және кеңес беру.