Керемет камбэк: «Шахтер» 15 минутта 3 гол соғып, «Қызыл-Жарды» жеңді
Футболдан Қазақстан кубогы топтық кезеңінің 2-турында «Шахтер» мен «Қызыл-Жар» кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қарағандыда өткен ойында 3:2 есебімен алаң иелері жеңіске жетті.
Бұл кездесуде қарағандылық клуб керемет камбэк жасады. Ойынның 75-минутына дейін 0:2 есебімен жеңіліп жатқан «Шахтер» ойыншылары қалған он бес минутта 3 гол соғып, 3 ұпай еншіледі.
Бірақ мұндай нәтижеге матчтың 72-минутында қонақтардың бір ойыншысы (Валерий Каршакевич) алаңнан қуылуы да әсерін тигізді.
Қазақстан кубогы-2021. Топтық кезең. 2-тур.
«Шахтер» – «Қызыл-Жар» 3:2 (0:0)
Гол соққандар: Тәттібаев 75, 86, Атанаскоски 89 – Бушман 49, Смайлагич 66.
Алаңнан қуылды:<span> </span>нет – Каршакевич 72.
«Шахтер»: Шацкий (Қ, К), Граф, Митошевич, Атанаскоски, Рустемович, Габышев, Нұррсеитов, Наджарян, Буйволов, Свиридов, Бакаев.
«Қызыл-Жар»: Бекбаев (Қ), Коне, Драченко (К), Подио, Бушман, Зорич, Смайлагич, Қасым, Шмидт, Мурачев, Каршакевич.