«Қайрат» негізгі құрам футболшысымен қоштасуы мүмкін
Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, «Қайраттың» черногориялық жартылай қорғаушысы Небойша Косович жазғы трансфер кезінде командадан кетуі мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.
Португалиялық жартылай қорғаушы Рикардо Алвестің клубқа келуімен Косовичтің агенттері өз клиентінің «Қайраттағы» болашағына алаңдаулы. «Қайраттың» жартылай қорғанысында бәсекелестік күшейді. Енді орталық жартылай қорғаушы міндетін Айбол Әбікен мен Рикардо Алвеш атқара алады, сонымен қатар клубтың екі жас түлегі - Арсен Буранчиев пен Андрей Ульшин бар. Поляк жартылай қорғаушысы Яцек Гуральский де жарақатынан айығып келеді.
Ақпарға сенсек, Косовичтің соңғы кездегі тұрақсыз ойынына байланысты «Қайрат» басшылығы ойыншыны босатуға дайын, бірақ сатып алған клуб келісімшарттағы сомманы толықтөлеуі тиіс.
26 жастағы футболшы Польша, Австрия және Румыния чемпионаттарының біріне ауысуы мүмкін.
Небойша Косович «Қайратқа» 2019 жылдың наурызында келді. Алматылық клуб жартылай қорғаушыны белградтық «Партизаннан» 450 мың еуроға сатып алды.