Пауло «Қайрат» сапында өткізген Чемпиондар лигасындағы алғашқы матчы туралы айтты
Жоао Пауло «Қайрат» сапындағы Чемпиондар лигасы іріктеу кезеңі аясындағы алғашқы кездесуі жайлы әсерімен бөлісті, деп жазады Prosports.kz.
Футболшы инстаграм желісіндегі жеке парақшасында «Қайрат» - «Маккаби» матчынан суреттер жариялап, «Чемпиондар лигасының іріктеу матчында бақ сынау мүмкіндігін сыйлағаны Құдайға тағы да алғыс айтамын», - деп жазды.
Айта кетейік, 14 шілдеде Алматыда өткен «Қайрат» - «Маккаби» (Хайфа) матчы 2:0 есебімен алаң иелерінің жеңісімен аяқталды. Осылайша, алматылық клуб іріктеу турнирінің екінші кезеңіне өтті.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или