«Шахтер» франциялық қорғаушымен келісімшарт жасасты

«Шахтер» франциялық қорғаушымен келісімшарт жасасты

«Шахтер» футбол клубы франциялық қорғаушы Абдель Ламанжбен келісімшарт жасасты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы қарағандылық клубтың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Футболшы бұған дейін де «Шахтерде» ойнаған. 30 жастағы қорғаушы өткен маусымда Премьер-лигада қарағандылық клуб сапында 17 матч өткізіп, 2 гол соқты және 2 нәтижелі пас берді.

Абдель Ламанж - Стасбург футбол мектебінің түлегі. Мансабын франциялық «Гренобль» сапында бастаған. Сондай-ақ, ол «Шинник», «Ротор», «Атырау», «Астра» командаларында өнер көрсетті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или