Елдегі эпидемиологиялық жағдайдың ушығуына байланысты футбол жарыстары тоқтатылды

Елдегі эпидемиологиялық жағдайдың ушығуына байланысты футбол жарыстары тоқтатылды

Қазақстанда коронавирусқа қатысты жағдайдың ушығуына байланысты барлық спорт шаралары тоқтауы мүмкін. Бұл туралы журналист Айдын Қожахмет хабарлады.

«ҚФФ футбол клубтарына 19 шілдеден бастап балалар және жасөспірімдер арасындағы жарыстардың тоқтату туралы хабарлама жіберді. Анығын айтқанда, уақытша тоқтатылды. Белгісіз уақытқа. Елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты.

Әзірге ересектер арасындағы жарыстарға байланысты ешқандай шешім шыққан жоқ. Бәрі қыл үстінде тұр. Алдымен матчтарға көрерменнің келуіне тыйым салынуы мүмкін. Егер жағдай ушыға берсе, былтырғыдай локдаун жасалса бір ғана орында ойнауы мүмкін.

Егер жағдай қиындаса, Қазақстан Кубогын құрбандыққа шалып, чемпионат күзде аяқталуы мүмкін. Сол себепті де, жарыс күнтізбесі кездейсоқ жағдайларды ойластырып жасалған» , - деп жазды журналист.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или