Күрес

Ақтөбелік палуандар Қажымұқанның әйгілі өнерін қайталады

Ақтөбелік палуандар Қажымұқанның әйгілі өнерін қайталады
news-banner7
mobile-news-top

Ақтөбеде «Batyrs' Battle» жарысы өтіп, палуандар Қажымұқанның әйгілі өнерін қайталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Қазақстан спортшылар одағына сілтеме жасап.

Сайыс кезінде алып күш иелері қап, бөрене, алып тас көтеріп, белдесті, арматура майыстырды. Барлығы 8 палуан бақ сынады. Жоба авторы, белгілі атлет, ҚР мәдениет және спорт министрлігінің амбассадоры Сергей Цырульниковтің айтуынша, бір кездері Қажымұқан Мұңайтпасұлы дәл осы сынақтан өткен.

Тартысқа толы сайыстан кейін «Batyrs' Battle» жеңімпаз белдігін гір көтеру спортынан әлем чемпионатының жүлдегері, масрестлинг бойынша Азия чемпионатының қола жүлдегері Сергей Гончаров иеленді. Сайыстың өзге қатысушыларына медаль мен алғыс хаттар таратылды. Дмитрий Емельянов екінші, Төлеген Әлжанов үшінші орынды иеленді.

«Спортшылар одағының атынан жеңіспен құттықтаймын. Көпшілігі өңірде мұндай батырлардың бар екенін білмеген болар. «Қазақстандық спортшылар одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі алдағы уақатта да дәл осындай жарыстың аймақта ұйымдастырылатынына сенім білдіреміз»- деді Қазақстандық спортшылар одағының төрағасы Азамат Қарлығашев.

Ол шараға қатысқан атақты зілтемірші Илья Ильин, Евгений Гончаров, Галиб Джафаровқа, туризм мен спортты қолдау қоры «Sport Qory» мен ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне, Ақтөбе облыстық, қалалық әкімшілікке қолдауы үшін алғыс білдірді. Спортшылар одағының құрметті мүшесі Илья Ильин барлық қатысушыны құттықтады.

«Күш спортын дамытатын мұндай сайыстарды ұйымдастыруды тоқтатпау керек. Керемет! Бізде талантты спортшылар өте көп»- деді Илья Ильин.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер