Ресми: «Қайратқа» португалиялық футболшы ауысып келді

Ресми: «Қайратқа» португалиялық футболшы ауысып келді

«Қайрат» португалиялық жартылай қорғаушы Рикарду Алвешпен келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы алматылыщ клубтың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Рикардо Алвеш Коэльо да Силва 1993 жылы 25 наурызда Лороза қаласында (Португалия) дүниеге келген. Алаңдағы орны - шабуылдаушы жартылай қорғаушы. «Порту» футбол клубының түлегі. ⠀

Мансабын 2012 жылы «Белененсеш» клубында бастаған. Одан бөлек «Портимоненси», бухаресттік «Рапид», словениялық «Олимпия», ресейлік «Оренбург» және «Крылья Советов» сияқты командаларда доп тепкен. ⠀

Клубтық мансабында 188 ойынға қатысып, 25 гол соққан және 21 нәтижелі пас берген. Португалияның түрлі жастар мен жасөспірімдер құрамаларында өнер көрсеткен.

Алматылық келісімшарт «Қайратпен» 1,5 жылға жасалды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или