«Астана» — «Арис» матчында Еуропа чемпионатында төрелік еткен қазы қызмет етеді
Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі елордалық «Астана» мен грекиялық «Арис» арасындағы бірінші матчтың төрешілері белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz УЕФА-ның ресми сайтына сілтеме жасап.
Кездесудің бас төрешісі неміс Бастиан Данкерт болып тағайындалды. Ол 2020 жылғы УЕФА Еуропа чемпионатының Англия мен Италия арасындағы финалында видео төрешінің көмекшісі (VAR) болып жұмыс істеді.
Данкертке отандастары Марк Борш пен Рене Роде, төртінші төреші - Тобиас Рейхель көмектеседі.
«Астана» - «Арис» матчы «Астана Арена» стадионында 22 шілдеде сағат 19:00-де өтеді. Қарымта ойынды Салоникидегі <span>«Клеантис Викелидис»</span> стадионы қабылдайды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или