«Тобылдың» бұрынғы ойыншысы «Қызыл-Жарға» ауысты
«Тобылдың» бұрынғы жартылай қорғаушысы Карлос Фонсека «Қызыл-Жар» футбол клубымен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл туралы петропавлдық клубтың баспасөз қызметі мәлімдеді.
Португалиялық футболшы «Санта-Мария» клубының түлегі. Ол сонымен бірге өз елінде «Тирсенсе» және «Фейренси» клубтарында ойнаған.
Фонсека қазақстандық жанкүйерлерге «Ертістің» үздік ойыншысы ретінде танылды. Павлодарлық клуб жабылғаннан кейін ол «Тобылға» ауысты.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или