«Маккаби» – «Қайрат» матчына украиналық төрешілер қазылық етеді

«Маккаби» – «Қайрат» матчына украиналық төрешілер қазылық етеді

«Қайрат» Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңінде «Маккабимен» (Хайфа) кездеседі, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қарымта кездесуге украиналық төрешілер қазылық жасайды. Бас төреші қызметін<span> Виктор Коплиевский</span> атқарады. Оған қос қапталдан отандастары Виктор Матяш пен Александр Жуков көмектеседі. Ал төртінші төреші – Николай Балакин.

«Қайрат» - «Маккаби» кездесуі 14 шілдеде Алматыдағы Орталық стадионда өтеді. Ойын 20:00-де басталады.

7 шілдеде Хайфада өткен бірінші кездесу 1:1 есебімен тең аяқталды. «Қайрат» сапынан Нұралы Әліп гол соқты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или