Қазақстан жастар құрамасы Финляндия мен Эстонияға қарсы кездеседі

Футболдан Қазақстан жастар құрамасы келесі айдың соңында Эстония және Финляндия құрамасымен жолдастық кездесу өткізеді, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

ҚФФ-ның ресми сайтына сүйенсек, наурыздың 25-і Саулюс Ширмялистің командасы Хельсинкиде Финляндияға қарсы кездессе, 30-шы наурыз күні Таллинде Эстониямен күш сынасады.

«Біз әдейі ойын өрнегі скандинавиялық стильге ұқсас командаларды таңдадық. Финляндия мен Эстонияның ойын өрнегі ЕУРО-2017 іріктеу кезеңіндегі қарсыламыз Норвегияның ойынына ұқсайды», - деді Ширмялис.

Естеріңізге сала кетсек, Қазақстан жастар құрамасы ЕУРО-2017-нің финалдық кезеңіне жолдама үшін Англия, Норвегия, Швейцария және Босния құрамаларымен тартысады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или