«Тараз» көшбасшысы клубтан кетті. Бірден үш команда қызығып отыр
Португалиялық вингер Педру Эужениу «Тараз» сапынан кетті, деп хабарлайды Prosports.kz клуб баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
31 жастағы футболшы бүгін ойыншылар мен бапкерлік штабпен қоштасқан. Осы маусымда ол 18 матч өткізіп, 7 гол мен 4 нәтижелі пастың авторы атанған. Португалиялықтың голдары клубқа 12 ұпай сыйлаған.
Эужениуге «Астана», «Шахтёр» мен болгариялық «Лудогорец» қызығушылық танытып отырғаны хабарланды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или