«Ақтөбеге» грузиялық футболшы ауысып келді

«Ақтөбеге» грузиялық футболшы ауысып келді

26 жастағы шабуылдаушы жартылай қорғаушы Заза Цицкишвили «Ақтөбемен» келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Заза мансабын «Металлург Руставиде» бастаған. 2015 жылдан 2019 жылға дейін ол «ФК Рустави» клубында ойнап, 101 матч өткізіп, 24 гол соқты. 2019 жылы кутаисилік «Торпедоға» ауысып, 34 ойынға қатысып, 4 гол соқты.

Осы маусымда «Телави» ФК сапында 12 ойында 2 гол соққан.

«Ақтөбе» ФК Зазаны қуана қарсы алады! Ынтымақтастық жемісті болады деп сенеміз. Маусымдағы мақсаттарыңызға жетуіңізге тілектеспіз!», - деп жазылған клубтың инстаграмдағы парақшасында.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или