Сергей Омельчук: «Қазақстан Суперкубогы матчы жақсы әсер қалдырды»

Қазақстан Суперкубогы матчының украиналық «Спорт 1» телеарнасында тікелей эфирде көрсетілуі әлеуметтік желіде қызығушылық танытты, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Комментатор Сергей Омельчук Қазақстан футбол федерациясы баспасөз қызметіне берген сұхбатында ойын кезінде алған әсерімен бөлісті:

- Тек жақсы әсер алдым. Футболдың барлық белгілері кездесті. Олардың ішінде алаңдағы тартыс, трансляция сапасы, жанкүйерлердің белсенді қолдауы, кездесу тағдырының соңғы минутта шешілуі бар.

- Қазақстан Суперкубогы матчындағы жұмыс тәжірибесі алдағы уақытта қажет болады деп есептейсіз бе? Тағы да қазақстандық клубтардың қатысуымен өтетін ойынды жүргізуге ұсыныс түссе, келісесіз бе?

- Мұндай деңгейдегі ойындарды жүргізу әрқашан ыңғайлы және бұл тәжірибенің келешекте көмегі тиетіні сөзсіз. Шақырту түскен жағдайда міндетті түрде келісемін. Чемпионат деңгейі жоғары, сол себепті Премьер-Лига мен Кубок ойындары тартысты өтеді.

- Ойыншылардың қайсысы көбірек есте қалды?

- «Қайрат» қақпашысы Владимир Плотников жақсы әсер қалдырды. Соның арқасында негізгі және қосымша уақыт тең аяқталды. Ал, пенальти сериясында «Қайрат» ойыншылары шаршағандықтан өздерін көрсете алмады. «Астана» қақпашысы Ненад Эричке допты оңай қайтаруға мүмкіндік берді.

- Қай футболшының аты-жөнін айту қиын болды?

- Қазақстан Республикасының азаматтығы бар ойыншылардың аты-жөнін айту қиынға түспеді. Өйткені, «Астана» шабуылшысы Тоқтар Жаңғылышбай алаңға шықпады.

- Суперкубок матчына дейін қазақстандық футбол туралы не білдіңіз?

- Ел чемпионатында жүлделі орындар мен еурокубок жолдамасы үшін тартыс жоғары екенін білемін. Сонымен қатар, «Қайрат» футбол клубының бас бапкері Владимир Вайсс айтарлықтай танымал тұлға.

kff.kz сайтынан алынды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или