«Қайрат» сапына камерундік қорғаушы келді. Келісімшарт әлі жасалмады
Камерундік қорғаушы Маки Баньяк алматылық «Қайрат» сапында қаралымнан өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі «Тень отца Гурмана» телеграм-каналына сілтеме жасап.
Телеграм-канал мәліметінше, Баньяк қазір Алматыда. «Барселона Б», «Сарагоса», «Адмира Ваккер» және «Партизанның» экс-ойыншысы әлі келісімшарт жасаспаған.
Ол алматылық клубта медициналық тексерістен өтеді. Соның нәтижесі бойынша клуб келісімшарт жасасу-жасаспау мәселесін шешеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или