Станимир Стойлов: «Маусымды жеңіспен бастағанымызға қуаныштымын»

Қазақстан Суперкубогының иегері елордалық «Астана» футбол клубының бас бапкері Станимир Стойлов жеңістің әсерімен және алдағы жоспарлармен бөлісті, деп хабарайды «PROСПОРТ».

- Біздің дайындық кезеңіміз өте ұзаққа созылды. Биылғы, алғашқы маңызды жарыс Суперкубок болды. Маусымды Кубок алудан, жеңіспен бастадық, қуанышты әрине. Матчты пенальтиден ұтсақ та, жақсы ойын көрсеттік. Енді, әр ойында жеңіске талпынамыз. Бірнеше айдан кейін біздің клуб Чемпиондар лигасында Қазақстанның намысын қорғайды, ол жерде қателіктер жасауға болмайды. Сондықтан, дайындықты күшейте түспекпіз, - дейді болгариялық маман.

Футболдан Қазақстан чемпионаты 7 наурыз күні басталады. Алғашқы турда елордалық команда көкшетаулық «Оқжетпес» клубын өз алаңында қабылдайды.

Еске сала кетейік, футболдан Қазақстан Суперкубогы үшін өткен ойында елордалық клуб алматылық «Қайрат» клубын пенальти сериясы бойынша 3:2 есебімен ұтқан болатын. Ал, негізгі уақытта есеп ашылмаған.

kazsport.kaztrk.kz сайтынан алынды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или