Қырғызстан құрамасының екі футболшысы «Тұранға» қаралымға келді

Қырғызстан құрамасының екі футболшысы «Тұранға» қаралымға келді

«Тұранда» Қырғызстан ұлттық құрамасының екі ойыншысы қаралымнан өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.

Артқы жартылай қорғаушы Фархат Мұсабеков пен қаптал қорғаушысы Александр Мищенко «Тобылмен» матч алдында Түркістанға келіп, Шымкентте командамен бірге жаттығып жүр. Көп ұзамай «Тұранның» бапкерлер құрамы қырғыз футболшыларының командадағы тағдыры туралы шешім қабылдауы керек.

Екеуі де Қырғызстанда «Дордай» намысын қорғаған, бірақ шетелдік тәжірибелері де бар. Мұсабеков бірнеше жыл Молдованың «Академия», Қырым чемпионатындағы <span>ТСК-«Таврия»</span> және өзбекстандық «Алмалықта» доп тепкен. 23 жастағы Мишенко - Боруссия Мёнхенглахдбахтың түлегіі және жасөспірім шағында Германияның аймақтық лигаларында ойнаған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или