«Астана» ойыншысы ресейлік клубқа ауысуы мүмкін

«Астана» ойыншысы ресейлік клубқа ауысуы мүмкін

«Астана» ойыншысы Валерий Чуперкаға ресейлік «Ростов» клубы қызығушылық танытып отыр, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы Meta-ratings.kz сайты хабарлады. 29 жастағы Чуперка «Астанаға» биыл қыста «Тамбовтан» ауысып келді. Биылғы маусымда Қазақстан чемпионатында 17 матчқа қатысып, 3 гол соқты және бір нәтижелі пас берді.

2017/18 жылғы маусымында Валерий «Ростовта» ойнаған, ол кезде үш ойынға ғана қатысты. Жартылай қорғаушы Ресей премьер лигасында 60-қа жуық матч өткізіп, 4 гол соққан.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или