Италия – Испания матчының тікелей трансляциясы

Италия – Испания матчының тікелей трансляциясы

7 шілдеге қараған түні Лондондағы «Уэмбли» стадионында футболдан 2020 жылғы Еуропа чемпионатының бірінші жартылайфиналдық матчы өтеді, онда Италия мен Испания құрамалары кездеседі, деп хабарлайды<span> </span>Prosports.kz.

Турнир тағдыры итальяндар мен испандарды қатарынан төртінші Еуропа чемпионатына түйістірді. Еуро-2008 ширек финалында Испания пенальти сериясында жеңген. 2012 жылғы Еуропа чемпионатында қарсыластар екі рет ойнады - топтық кезеңде Италия мен Испания құрамаларының текетіресі тең аяқталды - 1:1, ал финалда испандар «Скуадра Адзурраның» тас-талқанын шығарды - 4:0. Бірақ Еуро-2016-да дәл осы итальяндар Испания құрамасын құрлықтық тағынан түсіріп, 1/8 финалда 2:0 есебімен жеңіске жетті.

Qazaqstan және Qazsport телеарналары көрсететін Италия - Испания матчының тікелей трансляциясы Нұр-Сұлтан уақытымен 00:50-де басталады, ойынды мына сілтемелерден көруге болады:<span> </span>1-СІЛТЕМЕ<span> </span>ЖӘНЕ<span> </span>2-СІЛТЕМЕ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или