«Тұранда» жаңа жұлдыз шықты: команданың үздік сұрмергені және жанкүйерлер сүйіктісі

«Тұранда» жаңа жұлдыз шықты: команданың үздік сұрмергені және жанкүйерлер сүйіктісі

Кез келген жаңа клуб өз көшбасшысын тауып, оны жұлдыз қылуы керек. Ойыншы жергілікті болғаны жөн, сол кезде жанкүйерлерге барынша таныс және жақын болады. КПЛ дебютанты бұл тапсырманы өте жақсы орындады, деп санайды Prosports.kz.

«Арыс» негізі бойынша қаланған клуб жоғары дивизионға қол жеткізген команданы таратпады. Болашағы бар және бапкерге қолайлы ойыншыларды қалдыру туралы шешім шығарылды. Бірақ нақты мақсатпен скаутинг жүзеге асырылды: Түркістан облысынан дарынды футболшыларды табу.

Табылған ойыншылардың бірі - Темірлан Әміров. Жігіт жергілікті болып шықты - ол Созақ ауданы, Тайқоңыр аулында туған. Бала кезінде ол Шымкентке көшіп барып, футбол білімін алды.

Әміровтің алғашқы командасы бірінші лигаға түсіп, тезірек сол жерден шығуды армандаған «Атырау» болды. Бірақ «мұнайшылар» сапында нәтижелі ойын болмады: бүкіл маусымда шабуылшы 90 минут та ойнаған жоқ, сондықтан, ешкімнің есінде де қалған жоқ.

Сол сәтте «Тұраннан» ұсыныс түсті. Түркістандықтардың шабуыл шебі мықты болды -  аңызға айналған Таңат Нөсербаев, Бірінші лиганың жұлдызы болған Стэнли Нкоби және Түрікменстан құрамасының шабуылшысы Вахыт Оразсахедов, соған қарамастан Темірлан клубқа ауысуға келісім берді.

Әміров жаңа клубында бірден бейімделе алмады, сондықтан алғашқы бес турда ол негізгі құрамда ойнамады. Бірақ ол «Қайсарға» (1:1) қарсы ойында жеңісті жұлып әкете жаздады. 6-турда негізгі құрамда шыққан, содан бері бірінші минуттан ойнап жүр. Форвард 1300 минутты алаңда өткізіп, «Тұрандағы» жергілікті футболшылар арасында ойын уақыты бойынша көшбасшы атанды. Бұл көрсеткіш бойынша ол Нөсербаевтың, тіпті капитан Шынболат Мақсымханның алдында тұр.

Оның үстіне, Темірлан шабуылда барлық атақты әріптесінен асып түсті. Оның еншісінде 4 гол бар, тіпті Нөсербаевта аз. Ал оның доптары командаға 5 ұпай әкелді: «Қайсармен» 1:1, «Ордабасымен» 1:0 және «Таразбен 1:1». Егер Әміров болмаса, «Тұран» өз жерлестерімен дербиде едәуір артта қалып, Премьер-Лиганың төменгі сатысына түсіп кетер еді.

Түркістанның бұл әдісі сәтті болды. Әміров жанкүйерлердің сүйіктісіне айналып келеді (әлеуметтік желілердегі пікірлерді оқысаңыз жетеді) және шынымен де нәтиже береді. Футболшының инстаграмында Созақтағы жерлестерінің қолдауы, ал жергілікті журналистер өз репортаждарында 24 жастағы ойыншымен сұхбат жиі жасайды.

Жарайсың, «Тұран». Осыңнан тайма, Темірлан.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или