Чемпиондар лигасы: «Қайрат» ойыншылары Израильге жетті
«Қайрат» футбол клубы Чемпиондар лигасы іріктеу кезеңінің матчына қатысу үшін Израильге барды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл туралы алматылық клубтың баспасөз қызметі хабарлады.
Ойыншылар Алматыдан Тель-Авив қаласына ұшып барған, одан әрі қарай Хайфаға жол тартады.
Айта кетейік, сәрсенбіде Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңі аясында «Қайрат» Хайфада жергілікті «Маккабимен» кездеседі.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или