Ройс тағы да жарақат алды
<p style="text-align: justify;">
<strong>Дортмундық «Боруссияның» жетекші ойыншысы Марко Ройс Германия кубогындағы кездесу барысында жарақат алды, деп хабарлайды «PROСПОРТ». </strong></p>
<p style="text-align: justify;">
Дрездендік «Динамоға» қарсы ойында Марко жарақат алып, ойынды жалғастыра алмады. Әйтсе де, оның командасы Иммобиле соққан голдың арқасында жеңіске жетіп, Германия кубогының ширек финалына жолдама алды.</p>
<p style="text-align: justify;">
Естеріңізге сала кетсек, Ройс соңғы уақыттары жиі жарақаттануда, соның кесірінен талантты футболшы былтыр Бразилияда өткен әлем чемпионатына қатыса алмады. </p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или