Күрес

Қазақстандық таеквондошылар жаттығу жиынын бастады

Қазақстандық таеквондошылар жаттығу жиынын бастады
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан таеквондошылары Алматы қаласында оқу-жаттығу жиынын бастады, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы таеквондо федерациясының баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Қаркен Ахметов атындағы ОРРММИК» РММ құрамындағы Дзюдо академиясында өтіп жатқан дайындық, 28 маусымда басталып, 16 сәуірге дейін жалғасады. Жиынға 8 спортшы келесі құрамда шақырылды:

  1. Эльдар Бірімбай
  2. Ерасыл Қайырбек
  3. Рақым Әділханов
  4. Бауыржан Хасенов
  5. Үмбет Шакиев
  6. Руслан Жапаров
  7. Нұрай Хусайнова
  8. Джансель Дениз.

Айта кетейік, WT таеквондодан Олимпиадалық лицензияларының иегерлері Руслан Жапаров (80 келіден жоғары) мен Джансель Дениз (67 келіден жоғары) үшін бұл ОЖЖ Токио-2020-ға дайындығының соңғы кезеңі болып табылады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер