Дмитрий Шомко «Ақтөбе» сапына қосылды
Қазақстандық қорғаушы Дмитрий Шомко елге оралды, деп жазады<span> </span>Prosports.kz.
Дмитрий Шомко «Ақтөбемен» келісімшартқа отырды. Бұл туралы клуб ресми хабарлады.
Бұған дейін БАҚ-та Шомко 14 маусымда Шомко <span>«Нижний Новгородпен» </span>келісімшарт жасасады деген ақпарат тараған.
Айта кетейік, өткен маусымда Шомко «Астанадан» ресейлік «Роторға» ауысып, РПЛ-де төрт матчқа қатысты.
2021 жылдың 30 маусымынан бастап ойыншы еркін агент атанды. Transfermarkt порталының дерегіне сүйенсек, 31 жастағы қорғаушының трансферлік құны 1 миллион еуро тұрады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или